Құрметті талапкер!

Бұл бөлімде сіз БҚМУ түсу туралы сұрақтарыңызды қойып, сонымен қатар талапкерлердің қойған сұрақтарының жауаптарын қарай аласыздар. Талапкерлердің сұрақтарына жауаптарды ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін – «Сұрақтар мұрағаты» тарауында.
Талапкерлерге арналған тақырыптық алфавиттік көрсеткіштер ақпараты порталдағы  «Талапкер жаднамасы» парағында көрсетілген.
Сіздің сұрақтарыңызға  тарихи ғылымның кандидаты, «Дүниежүзі тарихы және СӘП» кафедрасының аға оқытушысы, қабылдау комиссиясының жұмысына және шығармашылық емтиханның өткізілуіне жауапты, Мансап  орталығының директоры Асқар Сайынұлы Аманбаев жауап береді.   

Сұрақтар түсуі бойынша нөмірленеді,бір жіберушіден келген бірдей сұрақтар кетіріледі.

Comments   

# RE: Талапкерлер сұрақтарыАсылай 2014-04-29 13:03
Сәлеметсіздерме! Мен Атырау облысы, Индер ауданы "Көктем" қазақ орта мектебінің, аудандық өнер мектебіндегі ақындар сынбының оқушысымын.Аты- жөнім Ниязбаева Асылай Қайрошқызы.Осы жылғы түлекпін.Сол себепті де, ҰБТ ға талмай дайындалу үстіндемін. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетіне түскім келеді.Осыған байланысты қояр сұрағым: мен республикалық,облыстық, аудандық жас ақындар байқауларының жеңімпазы, әрі жүлдегерімен.Бұл жүлделерім үшін маған оқуға түсерде жеңілдіктер бола ма? Сіздерден асыға жауап күтем.РАХМЕТ!
# RE: Талапкерлер сұрақтарыЖандар 2015-06-23 20:26
Сұрақ:
ҰБТ-сыз қабылдайсыздарма?

Жауап:
Сәлеметсіз Жандар
ҰБТ-сыз қабылдай алмаймыз.
# RE: Талапкерлер сұрақтарыNuraiym 2015-07-25 09:30
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! Менің сізге қояр сұрағым. Мен осы жылғы кешенді тестілеуге қатысқан болатынмын. Атырау облысынан тапсырдым. Өзім Құлсары қаласынанмын. Жинаған балым барлығы 43, қазақ тілі 16, қазақстан тарихы 11, математика 7, биология 9. Мен Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжін осы жылы үздік бітірген болатынмын. Мамандығым "Бастауыш білім беру". БҚМУ-да жоғары білім алғым келеді. Ендеше менде қандай мүмкіндік бар? Осыны білгім келеді.

Жауап:
Сәлеметсіз Нурайым, өкінішке орай КТА балы аз болғандықтан, Сізді биылғы оқу жылына қабылдай алмаймыз. БҚМУ 50 балдан жоғары қабылдайды.
# окуга түсу жөнінденурсипат 2015-07-26 08:19
Сұрақ:
Мен осы жылы кешенді тесттен 68 балл таңдау пәнім биология, Барлық университет 50 баллдан жоғарылар оқуға конкурсқа қатыса алады, бірақ мен осы университетті 1-ші жазамын "Мектепке дейнгі" мамандығын өткен жылы ең соңғы балл 69 болған, осы жылы осы баллмен грантқа мүмкіндік бар ма түсе аламын ба?

Жауап:
Сәлеметсіз Нурсипат, конкурсқа қатысыңыз, қорытындысы бойынша түсуге үмітіңіз бар.
# RE: Талапкерлер сұрақтарыАкмоншак 2016-06-16 10:35
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! 1. Мамандықтар бөлімінде екі шетел тілі делінген. Нақтырақ айтқанда қай тілдер? 2. Арнаулы орта білімнен кейін бірден 3-ші курска қабылданады ма? Ол ушін КТ міндетті ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе Ақмоншақ! Университетіміздегі 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бар. Білім беру бағдарламалары: 1) Аударма ісі 2) Француз тілі/Неміс тілі 3) Гид-аудармашы.
КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
Арнайы бланкідегі өтініш
Аттестат немесе диплом қосымшасымен (түпнұсқа)
Жеңілдік алуға мүмкіндік беретін құжат (І және ІІ топтағы мүгедек, бала күнінен мүгедек, жетім екендігін растайтын анықтама)
Тестілеуге қатысу үшін төленген түбіртек
086-У формасындағы мед. анықтама (түпнұсқа)
3х4 көлеміндегі 6 фотосурет
Төлқұжат (түпнұсқа және көшірмесі)
ХҚКО-нан мекенжай анықтамасы
Скоросшиватель; конверт (А5)
Педагогикалық мамандықтар бойынша арнайы емтихандарға өтініштер 20 маусымнан 4 шілдеге дейін қабылданады. 5-14 шілде аралығында педагогикалық мамандықтар бойынша арнайы емтихан.
Кешенді тестілеуге қатысуға құжаттар 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізіледі.
Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Анықтама телефоны: 8 (7112) 50 44 20
# RE: Талапкерлер сұрақтарыАкерке 2016-06-17 08:00
Сұрақ:
5В040300 Вокалдық өнер мамандығынның сырттай оқу ақысы қанша болады және құжаттарды қай уакытқа дейін қабылдайсыздар?
Жауап:
Саламатсыз ба Ақерке! Сізге нақты жауап беру үшін бітірген мамандығыңызды білуіміз қажет. Егер колледж бітірсеңіз құжаттар 1 шілдеге дейін, ал жоғары біліміңіз болса 4 тамызға дейін қабылданады.
Толық ақпаратты 8 7112504420 телефоны арқылы ала аласыз.
# квотаРаушан 2016-06-17 16:43
Сұрақ:
Ауылдық квота жөнінде айтыңыздаршы?Сіздерде қалай?
Жауап:
Саламатсыз ба Раушан! Жалпы бөлінген грант санының 30 пайызы ауылдық квота бойынша ауылдық мектептерді бітірген талапкерлерге бөлінеді. Толық ақпаратты 8 7112504420 телефоны арқылы ала аласыз.
# RE: Талапкерлер сұрақтарыulpan 2016-06-18 13:03
Сұрақ:
Сәлеметсізбе! Мен Сағындықова Ұлпан педедагогикалық колледжді биыл қызылға аяқтадым.Еркін күрестен аудан, облыс чемпионымын. Республика көлеміне жарыстарға шығып жүрмін. Грантқа мүмкіндік барма? Сырттай немесе іштей бөлімге.
Жауап:
Саламатсыз ба Улпан! Колледжен қандай мамандық бітірдіңіз және қандай мамандыққа оқуға түскіңіз келеді? Анықтама телефоны: 8 (7112) 50 44 20
# RE: Талапкерлер сұрақтарыMensulu 2016-06-21 10:44
Сұрақ:
Сәлеметсізбе! Аты-жөнім Салахитдинова Менсулу. ҰБТ-дан орыс тілін коспағанда 85 балл жинадым. БҚМУ-ға грантка түсе аламын ба? Жалпы канша грант бөлінеді?
Жауап:
Саламатсыз ба Менсулу! Грантқа қандай балмен түсетініңіз конкурсқа байланысты. Құжаттар 4 шілдеге дейін қабылданады. Толық ақпаратты 8 (7112) 50-44-20 телефоны арқылы ала аласыз.
# RE: Талапкерлер сұрақтарыШолпан 2016-06-21 18:22
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! Мен сіздердің оқу орындарыңыз мықты оқу орны болғандықтан таңдап отырмын. Мен биыл 11 сыныпты аяқтадым ҰБТдан аз балл жинадым барлығы 59. Қазақ тілі-15 орыс тілі-10 математика-5 Қазақстан тарихы -13 Дүние жүзі тарихы- 16. Атырау облысы Құрманғазы ауданынанмын маған жеңілдің барма? Заңгер мамандығына грантқа ие бола аламба? Жылына қанша? Жеңілдіктер барма?
Жауап:
Саламатсыз ба Шолпан! Сіз 4 пән бойыша шектік балл (шектік балл – 50 балл) жинай алмағандықтан кешенді тестілеуді қайта тапсыруға қатысуыңыз қажет. Егер де педагогикалық мамандыққа түсетін болсаңыз, құжаттарыңызды 4 шілдеге дейін тапсырып, әңгімелесуден өтуіңіз керек. Немесе университетіміздегі 12 шығармашылық мамандыққа түсіп, қысқы сессиядан кейін өзіңіз қалаған мамандыққа ауысуға мүмкіндігіңіз бар. Анықтама телефоны: 8 (7112) 50 44 20
# RE: Талапкерлер сұрақтарылаура 2016-06-23 09:36
Сұрақ:
Саламатсыз ба педагогикалық мамандыққа тапсыратындар арнайы емтиханды қайда тапсырады. Тек түсетін оқу орнына ма әлде басқа жерден тапсырып басқа оқу орнына бара беруге болама рақмет
Жауап:
Саламатсыз ба Лаура! Педагогикалық мамандықтарға түсуге арнайы емтиханға құжаттар 4 шілдеге дейін қабылданады. Арнайы емтиханды барлық жерден өтуге болады.
Анықтама телефоны: 87112 504420
# RE: Талапкерлер сұрақтарыKamshat 2016-06-24 05:41
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе, 5B011300 мамандығы сырттай бөлімі барма медколледж лаборатория мамандығын бітірдім, егер болса неше жыл окытылады, оқу ақысы қанша білгім келеді
Жауап:
Саламатсыз ба Камшат! Егер колледжде бітірген мамандығыңыз «Лабораторная диагностика» мамандығы болса, БҚМУ-дағы 5B011300 Биология мамандығын қысқартылған 3 жыл бойынша сырттай да күндізгі бөлімде де оқи аласыз.
Анықтама телефоны: 87112 504420
# АбитуриентаKamshat 2016-06-25 06:33
Сұрақ:
Салеметсізбе, мен биыл медицина колледжінің лабораториялық диагностика мамандығын бітірдім, енді санитарлық эпидемиологиялык орталыққа жұмиысқа кіргім келеді ол үшин 5В011300 мамандығына тапсырамынба, ол мамандык сырттай бөлімі барма, болса оқу ақысы қанша, неше жыл оқытылатынын жазасыздарма
Жауап:
Саламатсыз ба Камшат! Егер колледжде бітірген мамандығыңыз «Лабораторная диагностика» мамандығы болса, БҚМУ-дағы 5B011300 Биология мамандығын қысқартылған 3 жыл бойынша сырттай да күндізгі бөлімде де оқи аласыз.
Анықтама телефоны: 87112 504420
FaLang translation system by Faboba